Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

29 қыркүйек Алматыда марафонға байланысты бірнеше көше жабылады

Жарияланған күні:

Марафон
Марафон. Көрнекі фото: almaty-marathon.kz

29 қыркүйекте он үшінші рет "Алматы Марафоны" өткізілмек. Бұл жолы шараға байланысты бірнеше өзгерістер енгізілген. Соның бірі – бұрынғыдан басқа көшелер жабылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Биыл марафонға бірнеше өзгеріс енгізу жоспарланған. Мәселен, 10 км қашықтық үшін жаңа көшелер жабылады. Бұл туралы баспасөз брифригінде айтылды.

"Әрдайым бірнеше қашықтық ұсынылып келді – 42, 21 және 10 км. 10 км – ең көп марафоншы қатысатын қашықтық, себебі ең қолжетімдісі сол. Биыл біз бұл қашықтықтың трассасын толықтай өзгерттік, өйткені Халықаралық марафондар қауымдастығының талабы бойынша, жүрігуге қатысушылар марафоншылар мен жартылай марафоншыларға кедергі келтірмеуі керек. Бұл трасса сертификатталған", - деп мәлімдеді "Смелость быть первым" корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 21 және 42 км қашықтықтарының негізгі трассалары Әл-Фараби, Назарбаев, Саин, Абай, Байтұрсынов және Сәтпаев көшелері болады. Ал 10 км қашықтық үшін Шашкин, Тимирязев, Байзақов, Құрманғазы, Абылайхан және Желтоқсан көшелері дайындалған.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар көшелердің жабылу уақыты мен схемасы келесі аптада хабарланатынын айтты. Сондай-ақ, 42 км қашықтықты еңсеру шегі 6 сағат екенін, бірақ көшелер сегмент бойынша ашылатынын, әрбір көшенің шамамен 3 сағатқа жабық болатынын мәлімдеді.

Биыл марафонға өзге 56 елден шамамен 15 600 қатысушы қатыспақ. Олардың басым бөлігі қазақстандықтар, бірақ ұйымдастырушылар 10 пайызға жуығы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, БАӘ және басқа да елдерден келген шетелдіктер екенін атап өтті. Қала қонақтарының ыңғайлылығы үшін биыл шараға қазақ және орыс тілдеріндегі жүргізушілерден бөлек, ағылшын тілді жүргізуші де қатыстырылады.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар алматылықтарды жүгірушілерге қолдау көрсетуге шақырып, мәреде жанкүйерлерге арналып үлкен мінбер салынатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163340-29-qyrkuiek-almatyda-marafonga-bailanysty-birneshe-koshe-zhabylady/