Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналист, жазушы Өтепберген Әлімгерейұлы өмірден озды

Жарияланған күні:

Өтепберген Әлімгереев
Өтепберген Әлімгереев. Фото: facebook/zhandostemirgaliyev

Белгілі публицист, жазушы, журналист Өтепберген Әлімгерейұлы қайтыс болды. Бұл туралы атыраулық журналист Жандос Темірғалиев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Атыраудың ақтаңгері, біртуар тұлға, академик Өтепберген Әлімгерейұлы бақиға аттанды дегенді естіп, қабырғам қайысып отыр. Күні кеше ғана амандығын сұрап үйіне барып едік. Тілеуін тілеп жатқан қаймана жұртқа ризашылығын білдіріп, сәлемін жолдаған-ды. Жазмыш қой! Бүгін міне арамыздан ұзап кете барды.

Ұлт үшін, туып-өскен өңірі үшін қаншама құнды еңбек қалдырды. Көп қазына ішінде кетті. Сұрап та қала алмадық қой. Шежіре ғалымымыздың Алла Тағала алдынан жарылқасын! Қарымды қаламгердің отбасына, жоқтап жатқан қалың елге қайғыра көңіл айтамын!", - деп жазды Жандос Темірғалиев.

Өтепберген Әлімгереев публицист-жазушы. Еңбек жолын Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған.

1973-90 жылдары Атырау облысындағы "Атырау" газетінде жұмыс істеген. 1990 жылдан Атырау облысы телерадиокомпаниясының бас редакторы қызметін атқарған.

Әдеби туындылары 1966 жылдан бері түрлі газет-журналдарда жарияланған. Алты әдеби-публицистикалық кітаптардың авторы. Қазақстан Журналистер одағының (1994), Атырау облысының әкімі белгілеген Махамбет атындағы республикалық сыйлығы (1996) лауреаты. "Егемен Қазақстан" газеті (1987) мен "Ара" журналы (1980, 1981) байқауларының жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2163636-belgili-zhurnalist-zhazushy-otepbergen-alimgereev-omirden-ozdy/