Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік министрлігі өкілдері такси жүргізушілері мен жолаушыларға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Такси
Такси. Көрнекі фото: pixabay.com

Көлік министрлігі өкілдері такси жүргізушілеріне заң талаптарын сақтау бойынша үндеу жасады. Сонымен қатар такси жолаушыларына да ұсыныстар айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, қазір такси саласында заңнама талаптарын сақтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Министрлік жүргізушілерге такси болу үшін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болу керек екенін еске салды. Жұмысқа кіріспес бұрын бұл туралы жергілікті атқарушы органды хабардар ету қажет.

"Бұл ретте таксиге тапсырыс берудің мобильдік қосымшасын қолданумен тасымалдауларды тек таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізіліміне енгізілген такси тасымалдаушылары ғана іске асыра алады", - делінген хабарламада.

Сонымен қоса министрлік өкілдері ел аумағында такси қызметіне қатысты жаңа шектеулер енгізілгенін мәлімдеді. Енді шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірі бар және оң жақтан басқарылатын көліктерді жолаушылар тасымалы үшін пайдалануға тыйым салынады.

Бұл талаптарды бұзған жағдайда жауапкершілік қарастырылатыны айтылды.

Ведомство өкілдері жолаушыларға қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мына жайттарды ескеру керек екенін еске салды:

  • сапар басталар алдында көліктің маркасы мен нөмірін, сондай-ақ жүргізушінің фотосуретін таксиге тапсырыс беру сервисіндегі ақпаратпен салыстырыңыз;
  • егер ақпарат сәйкес келмесе, таксиге тапсырыс беру қызметіндегі сапардан бас тартыңыз және бұл туралы қолдау қызметіне хабарлаңыз;
  • сапар кезінде қауіпсіздік белгісін тағуды ұмытпаңыз, тіпті артқы орындықта да;
  • жол жүру кезіндегі штаттан тыс жағдайлар туралы (жүргізушінің дөрекі немесе орынсыз мінез-құлқы, көліктің лас салоны, агрессивті немесе қауіпті жүргізу стилі, жүргізушінің жол ережесін бұзуы) қолдау қызметіне уақтылы хабарласыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164050-kolik-ministrligi-okilderi-taksi-zhurgizushileri-men-zholaushylarga-undeu-zhasady/