Қазақстанда әскерге шақыру жасын 20-ға дейін көтеру ұсынылды: Қорғаныс министрлігі өкілдері пікір білдірді
Жарияланған күні:
Қорғаныс министрлігі өкілі әскерге шақыру жасын 18-ден 20 жасқа көтеруді талап еткен петиция жөнінде пікір білдірд. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте әскерге шақыру жасын көтеру туралы петицияға түсінік берді.
"Петицияға қол жинаудың қажеті жоқ. Мысалы, шақыру жасын 20 жасқа көтеру үшін, бірінші сыныпқа қабылдау жасын да 10 жасқа көтеру керек пе? Сонда солай болады ғой? 20 жасында мектепті бітіретіндей.
Қарулы күштер – бұл қоғамнан оқшауланған мемлекеттік орган емес, онда қоғамда болып жатқан барлық нәрсе көрініс береді. Әскерге шақыру жасын көтеру үшін мектепке қабылдау жасын қайта қарау қажет болады. Ал егер мектепке қабылдау уақытын өзгертпесек, 17-20 жас аралығында ол не істейді?" - деп жауап берді Жазықбаев.
Оның сөзінше, бұл мәселені Қорғаныс министрлігі Оқу-ағарту министрлігі және басқа құрылымдармен бірлесе қарастыруы керек.
Мұны мәжіліс депутаты Константин Авершин қолдады.
"Неге шақыру 18 жастан басталады? Кеңес заманында терең зерттеулер жүргізілді. Сол кезде бұл мәселе өте жан-жақты және терең қаралды. Жалпы, осы жаста жас жігіттерде гормоналды өзгерістер басталады. Психикадағы өзгерістер мен физиологиялық өзгерістер болады. Дәл осы сәтте біз жас жігіттерден ер азамат жасаумыз керек. Барлығы физиологиялық ерекшеліктерден туындады, сондықтан 18 жастан бастап шақыра бастады", - деді ол.
Еске салсақ, қыркүйектің басында E-Petition сайтында "Мерзімді әскери қызметке шақыру жасын көтеру туралы" жаңа петиция жарияланды.
Петиция авторлары әскерге шақыру жасын 18 жастан 20 жасқа дейін көтеруді ұсынған. Олардың сөзінше, 18 жастағы жастар Отан қорғауға жеткілікті түрде дайын болмайды. Ал 20 жастан асқаннан кейін олар психологиялық әрі физикалық жағынан дайын болады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164122-qazaqstanda-askerge-shaqyru-zhasyn-20-ga-deiin-koteru-usynyldy-qorganys-ministrligi-okilderi-pikir-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.