Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғыз жолы": Алматыда оқушылардың қаза болуынан кейін Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жасады

Жарияланған күні:

Қыз
Сурет салып отырған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыда екі мектеп оқушысы қаза тапқаннан кейін Ішкі істер министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне хат жолдады. KAZ.NUR.KZ бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Маңызды тұстар
close
Бұл мәтін автоматты түрде ЖИ көмегімен жазылған және редактор тексермеген, сондықтан фактологиялық және грамматикалық қателер болуы мүмкін. Толығырақ жарияланымда.
  • Алматыда 9-сынып оқушыларының қаза болуына байланысты Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға үндеу жасады.
  • Министрлік балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналарға бірқатар кеңестер берді, соның ішінде балалармен сенімді қарым-қатынас орнату және әлеуметтік желілердегі белсенділігін бақылау.
  • Министрлік балаларды қауіпті жағдайлардан қорғаудың "жалғыз жолы" – отбасындағы жылы қарым-қатынас екенін атап өтті.

Комитет өкілдері балалардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне байланысты алаңдап отырғанын жеткізген. Интернеттегі кез келген қауіп-қатерден балаларды қорғау және алдын алу мақсатында комитет жауапты мемлекеттік органдарға – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне – зиян цифрлық ойындарды бақылау және бұғаттау бойынша маңызды шаралар қабылдау туралы хат жіберді.

"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз. Ата-аналар балаларының қандай сайттарға кіріп, онлайн-әрекеттеріне ерекше назар аударуы керек. Әрбір ата-ана қолжетімді ата-аналық бақылау құралдарын пайдалануы қажет. Балалардың өміріне араласу және олармен қарым-қатынас жасау – олардың қауіпсіз ортасын құрудың жалғыз жолы. Өз кезегінде, жауапты мемлекеттік органдар осындай қауіптерді бұғаттау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Бұл мәселе толық шешілгенге дейін Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында болады. Ведомство бұған дейін комитет балалардың онлайн қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған кампанияларды бастағанын еске салды. Атап айтқанда, қажетсіз контентке қол жеткізуді шектеу үшін ата-аналарға "Ата-ана бақылауы" функциясын орнату ұсынылады.

"1 қыркүйектен бастап барлық білім беру ұйымында "Жеке қауіпсіздік" сабақтары енгізілді, олар интернетте балаларды қорғау, өзін-өзі сақтау дағдыларын дамыту және әртүрлі қауіптер жағдайында дұрыс әрекет ету тақырыптарын қамтиды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 16 қыркүйекте Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен жетінші сыныпта оқитын екі қыздың денесі табылған еді. Полиция бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Кейін білім басқармасы мәлімдеме жасады. Ведомство тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, істің барлық мән-жайларын зерттеу үшін комиссия құрылғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164171-zhalgyz-zholy-almatyda-oqushylardyng-qaza-boluynan-keiin-oqu-agartu-ministrligi-ata-analarga-undeu-zhasady/