jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

"Тұрғындар өзен тасығанда қиындыққа кезігетін": Түркістан облысында жаңа көпір пайдалануға берілді (фото)

Төле би ауданындағы жаңа көпір
Төле би ауданындағы жаңа көпір. Фото: Түркістан өңірлік коммуникация қызметі

Түркістан облысы Төле би ауданы Қаратөбе ауылдық округіндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпір ел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдіктің мәліметінше, аудан орталығынан шалғай орналасқан Қаратөбе, Қостөбе ауылдық округтерінің тұрғындары көктем айларында Балдыберек өзенінің тасуы кезінде жол қатынасы тұрғысында көптеген қиындыққа кездесетін. Сондықтан да бұл мәселе бірнеше жылдан бері күн тәртібінен түспей келген.

"Халықтың сұранысымен көпірдің құрылыс жұмыстары басталып, 2019 жылы пайдалануға беру жоспарланған болатын. Мердігер мекеменің жауапсыздығы салдарынан көпір құрылысын аяқталмай, ол бес жыл көлемінде шешімін күткен мәселенің біріне айналды", - делінген хабарламада.

Кейіннен аудан әкімдігінің аудандық мәслихатпен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде Қостөбе елді мекеніндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын мердігер "ABC Group KZ" ЖШС атқарған. Жоба құны 38 311,0 мың теңге болды.

"Тұрғындар өзен тасығанда қиындыққа кезігетін": Түркістан облысында жаңа көпір пайдалануға берілді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.