jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астана тұрғыны жолда қарсы жолаққа шығып кеткені үшін жүргізуші куәлігінен айырылды

    көлік жүргізіп келе жатқан адам
    Көлік жүргізушісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астанада сот қарсы жолға шығып кеткен азаматтың ісін қарады. Бұл туралы Астана соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Астана соттарының ресми Telegram-дағы арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Б. Мәңгілік Ел даңғылының бойымен көлік жүргізіп келе жатып, қарсы қозғалысқа арналған жол жиегіне шығып кеткен.

    Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындады.

    Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары бейнежазбамен, полиция инспекторының баянатымен, кінәлінің жазбаша түсініктемелерімен расталады. ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлігінің санкциясы 6 ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды көздейді.

    Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.