Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Жарияланған күні:

Нұрлан Алмасбеков
Нұрлан Алмасбеков. Фото: instagram.com/police_shymkent

Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы лауазымына Нұрлан Алмасбеков тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"ҚР президенті әкімшілігінің келісімі бойынша министрдің бұйрығымен Шымкент қаласы ПД бастығы лауазымына Алмасбеков Нұрлан Сейсетайұлы тағайындалды. Ведомство жаңа басшының әртүрлі жауапты лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі мен оның жоғары кәсібилігін атап өтті", - делінген хабарламада.

Нұрлан Алмасбеков бұған дейін Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Бұған дейін Шымкенттегі полиция ведомствосын Думан Таев басқарған болатын. Ол ПД қарамағына енгізілді.

Алматы полиция департаментінің ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Нұрлан Алмасбеков 1967 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Ол Ю.В.Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси училищесінің курсанты болған.

Алмасбеков Алматы қаласының құқық қорғау органдарында 1993 жылдан бері жұмыс істеді. Әр жылдары Алматы қаласы ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, қалалық ІІД Әуезов аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары, Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2019 жылдан бері Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2164992-shymkent-politsiia-departamentine-zhanga-basshy-tagaiyndaldy/