Оралда өткен гала-концертте 100 бала жоғалып кеткен
Жарияланған күні:
Читать на русскомОралда Қала күніне арналған гала-концерт кезінде жүз бала жоғалып кеткен. Балалар станционарлық полиция бекетіне жеткізілді, деп хабарлайды "Мой город" желілік басылыман сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылым мәліметінше, 21 қыркүйек кешке Қала күніне орай өткен гала-концерт кезінде 100 бала жоғалып кеткен.
Балалар станционарлық полиция бекетіне жеткізілген.
Сондай-ақ бұл күні қалада 19 ұсақ бұзақылық дерегі тіркеліп, 23 адам ішімдік ішкені үшін ұсталып, 38 адам Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілген.
Бұған қоса төрт жүргізуші мас күйінде ұсталған.
Еске салсақ, тамыз айының соңында Қарағандыда өткен ауқымды концерт кезінде 35 бала қалың нөпірдің арасында адасып кеткен болатын. Балалар табылып, ата-аналарына қайтарылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2165008-oralda-otken-gala-kontsertte-100-bala-zhogalyp-ketken/