jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Су басу қаупі бар: синоптиктер Алматы және Алматы облысы тұрғындарына ескерту жасады

Таудағы жаңбыр
Таудағы жаңбыр. Көрнекі фото: pixabay.com

26-27 қыркүйекте Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында нөсер жаңбыр жауады деп болжанды. Осыған байланысты су тасуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі өкілдерінің хабарлауынша, алдағы екі тәулікте нөсер жаңбыр жауады деген болжамға байланысты өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Су қауіпті деңгейден асып кеткен жағдайда өзендердің жайылма учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстары мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі туады.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.

Болжам бойынша, алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуімен, республикамыздың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, республикамыздың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейеді. Түнде ауа температурасы -2...-7 градусқа дейін төмендейді.

Су басу қаупі бар: синоптиктер Алматы және Алматы облысы тұрғындарына ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.