Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевтың жазасы өзгертілді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ибрагим Күлшімбаев
Ибрагим Күлшімбаев. Фото: primeminister.kz

Бұрынғы төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қазіргі уақытта оның жазасы 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды, деп хабарлайды әскери соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әскери сот бүгін төтенше жағдайлар экс-вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевқа қатысты апелляциялық шағымды қарады.

Бұған дейін сот үкімі бойынша ол мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілген еді.

Сондай-ақ сот Күлшімбаевты генерал-майор әскери атағынан айыру туралы мемлекет басшысының атына ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдаған.

Әскери соттың баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне апелляциялық шағымның нәтижесі туралы хабарлады.

Апелляция үкімді өзгертті. Сотталушының әрекеті өкілеттіктерін асыра пайдалану ретінде қайта сараланды (ҚК 450-бабының 1-бөлігі). Оған 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы кесілді", - делінген хабарда.

Еске сала кетейік, Ибрагим Күлшімбаев Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен өткен жылдың тамызында кеткен болатын. Ол бұл қызметті 2020 жылдың қазан айынан бастап атқарып келеді.

Биыл шілдеде Қарағанды облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен Күлшімбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2166025-buryngy-totenshe-zhagdailar-vitse-ministri-ibragim-kulshimbaevtyng-zhazasy-ozgertildi/