jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Шымкенттегі ЖОО ректоры 28,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Пара алу фактісі
Қол алысып жатқан ер адамдар. Көрнекі фото: Pixabay.com

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры 28,5 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Otyrar телеарнасы хабарлайды.

Тиісті ақпарат әлеуметтік желіде пайда болған. Онда білім беру мекемесінің екі лауазымды тұлғасы мен екі компания басшысы ұсталғаны да айтылған.

Экономикалық тергеу департаменті ректордың ұсталғанын растады. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Департамент басшысының сөзінше, тергеудің құпиялылығына байланысты ақпаратты жариялауға болмайды.

Істің тек мемлекеттік сатып алулармен байланысты екені ғана белгілі.

Шымкенттегі ЖОО ректоры 28,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.