Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өрт қаупі мен шаңды дауыл: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Шаңды дауыл
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылдық ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктер мәліметіне сүйенсек, 30 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. 30 қыркүйек-01 қазанда облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

30 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстігінде шаңды дауыл болуы ықтимал.

Ертең түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

30 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

30 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Абай облысының шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ал Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

30 қыркүйекте Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2167329-ort-qaupi-men-shangdy-dauyl-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-dauyldyq-eskertu-zhariialandy/