Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда бір уақытта бірден 4 жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Жарияланған күні:

Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды
Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Ақтауда жолдың қақ ортасында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, тұрғындардың өміріне қауіп төндірген 20 жастағы жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық ПД-ға сілтеме жсап хабарлйды.

Видео Telegram-дағы EGOV. PRESS парақшасында жарияланды.

"Ақтау қаласында жастар артқа жүріп, басқа жүргізушілердің өміріне қасақана қауіп төндірді. Мұндай заңсыздық үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізетін кез жетті", - делінген хабарда.

Видеоның астында Ақтау қаласы ПД түсініктеме берген. Ведомство мәліметінше, Ақтауда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегі анықталды.

"Өңір орталығының жолдарында бір уақытта 4 бірдей жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші анықталды. Патрульдік полицейлер құқық бұзушының жеке басын бірден анықтады.

20 жастағы жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпау, көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, көлiк құралын қарсы жүрiп өту және авариялық жағдай туғызу деректері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

ПД өкілдері Mercedes Benz автокөлігі айыптұраққа қойылғанын мәлім етті. Полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол заңдылықтарын қатаң сақтау керегін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2167920-aqtauda-bir-uaqytta-birden-4-zhol-erezhesin-oreskel-buzgan-zhurgizushi-zhauapqa-tartyldy/