Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1910 жылы дүниеге келген: 114 жастағы еліміздің ең қарт тұрғыны туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Түймегүл Темірбаева
Түймегүл Темірбаева. Фото: instagram.com/ulytau_oblysy

114 жастағы еліміздің ең қарт тұрғыны Ұлытау облысында тұрады. Қазіргі таңда әжейдің 25 шөбересі бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, Жаңаарқа ауданы Қызылжар ауылының тұрғыны Түймегүл Темірбаева биыл құжатқа сәйкес 114-ке келді. Қазіргі таңда әжейдің 15 немере, 25 шөбересі бар.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, қария – Қазақстандағы жасы ең үлкен адам.

Қарттығын ұрпақтарының ортасында өткізіп отырған әжей 1910 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Байқадам ауданында өмірге келген.

Тұрмысқа шыққаннан кейін Арқа даласына қоныс аударып, өмір бойы ата кәсіпті серік етеді. Азаматы – Аязбай Темірбаев 96 жасында өмірден озыпты.

Сүйегі асыл жаннан тараған 4 баланың алды бүгінде 70 жасқа жақындаса, ең кішісі 60 жасқа келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2167959-1910-zhyly-duniege-kelgen-114-zhastagy-elimizding-eng-qart-turgyny-turaly-ne-bilemiz/