"Бюджет қаражатын жымқырды": "ҚАЖСервис" ШҚО филиалы басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының жемқорлыққа қарсы қызметі бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. "ҚАЖСервис" ШҚО филиалы басшылығының бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның Сыбайлас жесқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі мен Қауіпсіздік қызметі тексеріс жұмыстары барысында "КАЖСервис" ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшылығына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Тексеріс материалдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолданды. 2024 жылғы 30 қыркүйекте тексеріс жұмыстарының нәтижесі бойынша Қылмыстық Кодекстің 189-бабының 1-тармағы 3-бөлігі сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Еске салсақ, Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі тұрақты түрде жемқорлықпен күресу бойынша шараларды ұйымдастырып, компания ішінде ашық әрі адал ортаны құру мақсатында түрлі жұмыстарды атқарып, мемлекеттік органдар мен мекеме арасында өзара байланысты дамытып жатқанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168121-biudzhet-qarazhatyn-zhymqyrdy-qazhservis-shqo-filialy-basshylygyna-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/