Қандай жағдайда Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өтпеді деп танылуы мүмкін
Жарияланған күні:
Отырыста Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Қазақстанда атом электр стансасын салу бойынша референдум қандай жағдайда өтпеді деп танылатынын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Асылбек Смағұлов мұндай жағдайда заңда барлығы жазылғанын айтты.
"Референдум өтті деп тану үшін сайлаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс беруі керек", - деді ол.
"Референдумда аз адам дауыс берсе, өтпеді деп таныла ма?" деген сұраққа Смағұлов қысқаша: "Иә", - деп жауап берді.
Еске салсақ, 2 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
3 қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының отырысында АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбесі бекітілді.
Сондай-ақ бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы өкілдері Қазақстанда АЭС салу бойынша референдумды ұйымдастыруға және өткізуге 15,5 млрд теңге жұмсалатынын мәлімдеген еді.
АЭС салу бойынша референдумға қатысты ОСК төрағасы Тоқаевқа дайындық барысын баяндаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168308-qandai-zhagdaida-qazaqstanda-aes-salu-boiynsha-referendum-otpedi-dep-tanyluy-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.