Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гарри Поттер әдісін жиі қолданамын": түркістандық ұстаз сабақты қызық өткізудің жолын тапқан (видео)

Жарияланған күні:

Арслан Атабек
Арслан Атабек. Скриншот: youtube.com/@Turkistantv

Түркістандық жас ұстаз Арслан Атабек сабақтарын ерекше әдіспен өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Turkistan TV телеарнасының Youtube-тегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арслан Атабек Түркістандағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. 25 жастағы ұстаз былтыр "Дарынды балаларға – талантты педагог" атты республикалық пән олимпиадасына қатысып, сабақ берудегі жаңашыл идеяларын ұсынған. Ол жанрлық сабақтар идеясын таныстырып, үшінші орын иеленген.

"Мен жанрлық сабақ кезінде, мәселен, Қобыланды, Алпамыс батыр, Абай Құнанбайұлы кейпінде келіп, тақырыпты түсіндіремін. Оның ішінде қазіргі заманғы батырлар Өрмекші адам, Бэтмен, сондай-ақ Гарри Поттер де бар. Мен өз сабақтарымда "Гарри Поттер" әдісін жиі қолданып тұрамын. Себебі осы арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру жеңіл. Хогвартста оқып жатырмыз деп елестетіп, оқушыларды Слизерин, Когтевран сияқты кафедраларға бөліп жарыстыру сабақтың қызық өтуіне жағдай жасайды", - деді жас ұстаз.

Сондай-ақ Арслан Атабек қазіргі заманның мұғалімі қандай қасиеттергі ие болуы керек екенін айтты.

"XXI ғасырдың ұстазы "ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден" деген нақылды негізге алуы керек. Ол жан-жақты қасиеттерін дамыта білген, интеллектуалды, спорттық сайыстарда жеңіске жететін және өзгелерді жеңіске жетелейтін тұлға", - деді Арслан.

Жас ұстаз бос уақытында үлкен тенниспен айналысады. Сондай-ақ ол Түркістандағы білімді жастардың басын қосу мақсатында "Teztap" интеллектуалды ойынын ұйымдастырып отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168536-garri-potter-adisin-zhii-qoldanamyn-turkistandyq-ustaz-sabaqty-qyzyq-otkizuding-zholyn-tapqan-video/