Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте балабақша қызметкері ірі мөлшерде ақша жымқырғаны үшін сотталды

Жарияланған күні:

Ақша
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шымкенттегі балабақшалардың бірінің есепшісі ірі мөлшердегі ақшаны иемденіп алғаны үшін сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық соттың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен /мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып, сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқырды деп айыпталған.

Істі қарау нәтижесінде анықталғандай, А. Шымкент қаласындағы балабақшалардың бірінің есепшісі қызметін атқарып жүріп, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам бола тұра қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып, өзіне еңбек ақысын есептеу барысында артығымен жалпы сомасы 5 052 371 теңгені аударып, ірі мөлшердегі ақшаны иемденіп алып, мемлекетке залал келтірілген.

Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденді.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші өкілі жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды. Сотталушы кінәсын толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

"Жаза тағайындау барысында сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіруін, келтірген залалды толық өтеуін, асырауында жасөспірім баласы болуын таныды, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот, А.-ны ҚК-нің 189-бабының 3-бөлігінің 1), 2) тармақтарымен кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - делінген хабарламада.

ҚК-нің 74-бабын қолданып, жазаның орындалуы 5 жылға кейінге қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168652-shymkentte-balabaqsha-qyzmetkeri-iri-molsherde-aqsha-zhymqyrgany-ushin-sottaldy/