Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты FlyArystan ұшу кестесі өзгере ме

Жарияланған күні:

FlyArystan. Көрнекі фото
FlyArystan. Көрнекі фото: t.me/flyarystan_inform

FlyArystan Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты кестенің мүмкін болатын түзетулеріне түсініктеме берді. Әзірге ешқандай өзгеріс күтілмейді, деп хабарлайды әуе компаниясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"FlyArystan Таяу Шығыстағы жағдайдың халықаралық және чартерлік рейстердің ағымдағы кестесіне әсер етпейтінін хабарлайды, өйткені олар Иранның әуе кеңістігінен және басқа да шектеулі аймақтардан өтпейді. FlyArystan жағдайды үнемі қадағалап отырады және ресми шектеулерді қатаң сақтайды ", - деп хабарлады бізге әуе компаниясы.

Еске салсақ, Air Astana әуе компаниясы Иранды айналып өтіп, Дубайға ұшуды ұйғарғанын хабарлаған едік.Ұшу уақыты қаншалықты өзгергенін әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеген еді.

Сондай-ақ, бұған дейін Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық әуекомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып ұшуға кеңес берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168874-taiau-shygystagy-zhagdaiga-bailanysty-flyarystan-ushu-kestesi-ozgere-me/