jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Таяу Шығыстағы жағдай: қазақстандық әуекомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып ұшуға кеңес берілді

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: pexels.com

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық әуекомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып ұшуға кеңес берілді. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты қазақстандық авиакомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып өтуге немесе баламалы бағыттарды таңдауға, сондай-ақ тиісті өңірде ұшу бойынша бұрын жолданған нұсқаулар мен ұсынымдарды басшылыққа алуға ұсынылады", - делінген хабарда.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдай қайтадан ушықты. Дүйсенбіде кешке Израиль Ливанда құрлықтағы әскери операция басталғанын жариялады. Ал кеше, 1 қазанда Иран Израиль аумағына жүздеген зымыран ұшырды. Шабуылдың нәтижесі туралы нақты ақпарат жоқ.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху бұл оқиғаға жауап берді. Ол Иранның зымырандық шабуылын "үлкен қателік" деп атап, жауап қайтаруға уәде берді.

Таяу Шығыстағы жағдай: қазақстандық әуекомпанияларға Иранның әуе кеңістігін айналып ұшуға кеңес берілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram