Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында жаңа автотұрақ ашылды

Жарияланған күні:

Алматы әуежайы
Алматы әуежайы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы халықаралық әуежайында 130 орынға шақталған жаңа автотұрақ ашылды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Автотұрақ жаңа терминалдың вокзал аймағында орналасқаны хабарланды. Осылайша, қазіргі уақытта автотұрақтардың саны:

  • вокзал алаңындағы 421 орынға тағы 131 орын;
  • 298 жабық автотұрақ;
  • оңтүстіктегі автотұрақта 226 орын қосылды.

"Жалпы алғанда, әуежайда 1075 тұрақ орны бар", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, Алматы халықаралық әуежайында жабық автотұрақ кешені аумағында жаңа тарифтер енгізілгенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, тамыз айында Алматы әуежайында бірнеше шлагбаум жұмыс істемеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2168922-almaty-auezhaiynda-zhanga-avtoturaq-ashyldy/