jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы әуежайында тұрақ ақысы өзгерді

Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы халықаралық әуежайында жабық автотұрақ кешені аумағында жаңа тарифтер енгізілуде. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әуежайдың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әуежай әкімшілігінің мәліметінше, тұрақ аумағында ұзақ уақыт бойына қалдырылған көліктердің күнделікті санының артуына байланысты негізгі тұрақ инфрақұрылымына әсер етіп жатыр.

"Біз оңтүстік автотұрақты ұзақ және қысқа мерзімді пайдалану үшін ұсынамыз. Оңтүстік автотұрақ аймағы үшін тарифтер өзгеріссіз қалады", - делінген хабарламада.

Халықаралық әуежайдың тұрақ ақысында мынадай өзгерістер бар:

  • 15 минутқа дейін - төлемсіз, күніне екі реттен көп емес;
  • 15 минуттан 1 сағатқа дейін – 500 теңге;
  • 1 сағаттан 2 сағатқа дейін – 700 теңге;
  • 2 сағаттан 4 сағатқа дейін – 1000 теңге;
  • 4 сағаттан 6 сағатқа дейін – 1500 теңге;
  • 6 сағаттан 12 сағатқа дейін – 2400 теңге;
  • 12 сағаттан 24 сағатқа дейін – 3500 теңге;
  • 24 сағаттан астам, кейінгі толық және күндерге – 5 000 теңге;
  • купонды жоғалту – 500 теңге.

Алматы әуежайында тұрақ ақысы өзгерді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.