jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бір өңірінде қар жауады деп болжанды

Қар жауған сәт
Қар жауған сәт. Көрнекі фото: Рexels.com

Бейсенбіде Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 3 қазанда елміздің бірқатар өңірінде қар аралас жауын-шашын, тұман мен жел күтіледі деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ертең, 3 қазанда Алматы облысының таулы аудандарында қар және жаңбыр жауады деп болжанды. Облыстың батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Ақмола облысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, таңертең және күндіз батыста, облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Ертең Қарағанды облысында жел күшейіп, кей жерлерде 23 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысында да жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с жетеді. Сондай-ақ аймақта жоғары өрт қаупі сақталады.

3 қазанда Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Аймақтың басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды.

3 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында, сондай-ақ Атырау облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Қостанай облысында ертең тұман түседі деп болжанып отыр.

Ертең Маңғыстау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. БҚО, Абай, Қызылорда облысының басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қазақстанның бір өңірінде қар жауады деп болжанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.