Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Тянь-Шань қоңыр аюлары фототұзаққ түсіп қалды

Жарияланған күні:

Тянь-Шань аюы
Тянь-Шань аюы. Видеодан кадр: instagram.com/minecology_kz

Алматы облысында орналасқан Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде аюлар фототұзаққа түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл туралы ақпарат Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Instagram-дағы аккаунтында пайда болды. Видеода үлкен аю мен кішірек жасөспірім аю бейнеленген.

Тянь-Шань қоңыр аюы Халықаралық Қызыл кітапқа және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Ол сүтқоректілер класына жатады және қорықта теңіз деңгейінен 1500-3500 метр биіктікте кездеседі. Аюдың дене ұзындығы 1,5-2,2 метр аралығында, ал салмағы 135-200 келіге дейін жетеді.

Еске салсақ, бұған дейін Шымбұлақ баурайында қар барысы видеоға түсіп қалғаны туралы жазған едік.

Шымбұлақта демалып жатқан тұрғындар қараңғыда тауға өрмелеп бара жатқан барысты көріп қалған. Олар түсіріп алған видеосын әлеуметтік желіде жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169319-almaty-oblysynda-tian-shan-qongyr-aiulary-fototuzaqq-tusip-qaldy-video/