Қарағандыда 71 жастағы әйел йога жаттықтырушысы болып жұмыс істейді
Жарияланған күні:
71 жастағы Хатима Тұрғымбаева шпагат, көпір және бас тірегі сияқты күрделі йога асаналарын оңай орындайды. Зейнеткер тоғыз жыл бұрын йогамен айналыса бастады, көптеген ауруларды жеңіп, нұсқаушы болды. Енді ол жастарды ғана емес, егде жастағы әйелдерді де тарту арқылы басқаларға дене мен жанды сауықтыруға көмектеседі, деп хабарлайды 24.kz арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Ең үлкені 80 жаста, жақында келді. Басында жасы ең үлкені 75-те еді, кейін 80-дегі әйел келді. Міне енді ол бізге шабыт беріп отыр. 80 жастағы әйел мені де шабыттандырады. Себебі кейде 71 жас, болған шығар енді деп ойлаймын. Кейде сондай ой болып тұрады. Сосын: жоқ, менен жасы үлкен әйел бар екен, демек мен алға ұмтылуым керек деген ойға келдім", - деп мойындады Хатима Тұрғымбаева.
Жаттықтырушы аптасына үш рет таңғы 7-ден кешкі 22.00-ге дейін дене жаттығуларын меңгеруге көмектесіп, позитивті ойлауға үйретеді.
Хатиманың құрбысы, 68 жастағы Мария Давыдова да жаттықтырушы: көрші залда ол әйелдерге спорттық аэробиканы үйретеді. Зейнеткер 43 жыл қатарынан аптасына үш рет жаттығу өткізеді. Оның қол астындағы қатысушыларда артрит, артроз, гипертония немесе депрессия болмайды. Топтағы басты ұран: "Қозғалыс-өмір". Демалыс күндері Мария жаяу, велосипедпен, скутермен серуендейді немесе өзен бойымен жүзеді.
"Мен үшін бұл оңай. Білесіз бе, мен 68 жастамын, бірақ мен өзімді бұл жастағыдай сезінбеймін, қаншада екенімді ұмытып кетемін. Тек менің туған күнімде нешеде екенім есіме түседі. 60-тан асқаным есімде, бірақ 68 немесе 67-де екенімді ұмытып кетемін. Жасымды сезбеймін. Бүкіл топпен бірге секіремін, менің тобымдағы әйелдер менен кіші, бірақ сондада егде жаста: 55 жас-орташа жас", - деді Мария Давыдова.
Жаттықтырушы әйелдерді кез-келген жаста жаттығудан қорықпауға шақырады. Оның айтуынша, 40 жылдан кейін әуесқойлық деңгейде кез келген спорт түрімен айналысуға болады. Тіпті аз ғана жүктеме жасқа байланысты өзгерістерді және көптеген ауруларды жеңуге көмектеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2169505-qaragandyda-71-zhastagy-aiel-ioga-zhattyqtyrushysy-bolyp-zhumys-isteidi-video/