jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның кей өңірінде демалыс күндері ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі

Тиін
Тиін. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның бірқатар өңірінде алдағы күндері, яғни қазанның 5-7 аралығында 30 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Синоптиктердің болжамынша, скандинавиялық антициклонның ықпалымен еліміздің батысында, 5-6 қазанда республиканың солтүстік және шығыс облыстарында ауа райы құрғақ және ашық болады. Күндіз батыста 23-30 градусқа дейін жылы болса, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін күн жылынады. Дегенмен түнде ауа температурасы нөлден төмен мәндерге дейін төмендейді.

7 қазанға қарай солтүстік пен шығысқа суық атмосфералық фронт пен жаңбырлы бұлттар тарай бастайды, сондықтан жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), желдің күшеюі және күндізгі ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Ал елдің оңтүстігінде және орталығында, атмосфералық фронттардың әсерінен 5-7 қазан аралығында жаңбыр жауады. 6-7 қазанда таулы аймақтарда қатты жаңбыр мен найзағай, жел күшейеді, түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман болады.

Қазақстанның кей өңірінде демалыс күндері ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.