Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде референдум өтетін күні ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

6 қазанда Шымкентте және еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

OpenWeather болжамына сәйкес, бүгін Алматыда аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы күндіз 23 градусқа дейін көтерілсе, түнде 12 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 3,2 м/с болады.

Астанада ауа райы бұлтты болмақ. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін жылынса, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,9 м/с.

Шымкентте бүгін аздаған жаңбыр жауады. Күндіз термометр бағаны 24 градусқа дейін көтерілсе, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,5 м/с болады.

Қазгидромет ақпаратына сенсек, жексенбіде Шымкентте найзағай жарқылдап, жел екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін, 6 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында тұман түседі. Күндіз аймақтың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетіп, батыста, облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп болжанып отыр.

Оңтүстік-батыста төтенше өрт қаупі сақталады. Жексенбіде Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 5 қазан сағат 20.00-ден 6 қазан сағат 20.00-ге дейін Өскемен бойынша күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ туралы ескерту сақталады.

6 қазанда Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Солтүстікте, оңтүстікте, аймақтың орталығында төтенше өрт қаупі бар. Жексенбіде Абай облысы бойынша өрт қаупі жоғары, өңірдің оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

6 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман болуы мүмкін. Күндіз батыста, аймақтың солтүстігінде жел соғады.

Жексенбіге қараған түні Түркістан облысының таулы аймақтарында синоптиктер қатты жаңбыр жауады. Оңтүстігінде, аймақтың таулы және тау бөктерінде-найзағай. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел 15-20 м/с жетіп, солтүстігінде, орталығында және шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

6-8 қазанда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 6 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Солтүстікте, оңтүстікте, таулы аймақтарда – найзағай. Түнде және таңертең аймақтың таулы аймақтарында тұман болады. Жел оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с жетіп, сондай-ақ өңірдің басым бөлігінде төтенше, оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Жексенбіде Жетісу облысы бойынша жел соғуы мүмкін, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с жетеді. 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі жоғары болады, батысында – төтенше өрт қаупі сақталады.

Жексенбіде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары, өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 6 қазанда Қарағанды облысының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары, өңірдің батысында, шығысында – төтенше өрт қаупі сақталады.

Жексенбіде Ұлытау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, өңірдің шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 6 қазанда Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында өрт қаупі жоғары болады деп болжанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170260-qazaqstan-ongirlerinde-zhangbyr-zhauady/