Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан ешкімнің көмегінсіз тасқынның салдарын еңсере алды": Тоқаев көктемдегі алапат су тасқыны туралы айтты

Жарияланған күні:

Атыраудағы су тасқыны
Атыраудағы су тасқыны. Фото: NUR.KZ/Әйгерім Сайқын

Журналистер президенттен биыл көктемдегі алапат су тасқынынан кейін қандай қорытынды жасалғанын сұрады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумда дауыс берді.

Президент өз таңдауын жасағаннан кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Брифинг барысында журналистер мемлекет басшысынан биыл көктемдегі алапат су тасқынынан кейін қандай қорытынды жасалғанын сұрады.

"Тиісті қорытынды жасалды. Бірақ мұндай табиғат апаты бүкіл жер шарында орын алып жатқанына баса мән беруіміз керек. Жақында ғана Орталық Еуропада алапат тасқын өтті. Оның алдында АҚШ пен Вьетнамда дауыл болды. Сондықтан мұндай апаттарды алдын ала болжау қиын. Дегенмен ондай жағдайға дайын болып, қажетті шаралар қабылдау маңызды.

Қазақстан ешкімнің көмегінсіз тасқынның салдарын еңсере алды. Мұны ашық айту керек. Біз адам және қаржы ресурстарын осы іске жұмылдырдық. Үкімет пен әкімдер белсенді жұмыс істеді. Оның нәтижесін көріп отырсыздар. Алапат тасқын кезінде зардап шеккен азаматтар жаңа баспанамен қамтылды. Мен бұған дейін ешкім назардан тыс қалмайды деп уәде бердім. Жалпы алғанда, біз бұл мақсатты орындадық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170390-koktemdegi-alapat-su-tasqynynan-keiin-qandai-qorytyndy-zhasaldy-toqaev-baq-okilderining-suragyna-zhauap-berdi/