jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Батырлар, қалыңдық, "суперқаһармандар": референдумға ерекше образбен келгендер көпшілікті таңғалдырды

Батыр образында дауыс беруге келгендер
Батыр образында дауыс беруге келгендер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Қазақстанда елімізде АЭС құрылысы республикалық референдум өтіп жатыр. Елдегі учаскелерге дауыс беруге кейбір қазақстандықтар ерекше образбен келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 6 қазанда кейбір қазақстандықтар дауыс беру учаскелеріне ерекше образбен келгендер де көп.

Мәселен, Қарағандыда дауыс беру уческесіне той көйлегімен қалыңдық барған. Instagram-дағы жергілікті пабликтегі мәлімет бойынша, жас жұбайлар Асылхан Қанатұлы Төлегенов пен Сабина Құралбекқызы Болатова №73 сайлау учаскесінде дауыс берген. Отау құрып жатқан жас жұбайлар ел алдындағы азаматтық борышты өтеуді де ұмытпаған.

Сонымен қатар дауыс беруге келгендер арасында ерекше образбен келіп, елең еткізгендер де бар.

Дауыс беру учаскелерінің бірінде әртүрлі кейіпкерлерлердің костюмдерін, қазақтың ұлттық киімін киіп келген қазақстандықтар да көзге түсті.

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі мәліметінше, қаладағы учаскелерінің бірінде азық-түлік жеткізуші курьер дауыс берген. Жігіт референдум күні жұмысын істеп жүріп, дауыс беруге уақыт тапқан.

Дауыс беруге келген курьер
Дауыс беруге келген курьер. Фото: Алматы ОСК

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі мәліметінше, референдумда "батырлар" де дауыс берді. Мегаполистегі №173 мектеп-лицейде орналасқан №585 дауыс беру учаскесінде ірі денелі бірнеше жігіткелді. Дауыс беру учаскесіндегі қызметкерлердің сөзінше, бұл бәр сәт көшпенділер әлеміне еніп, Ұлы Дала рухын сезінуге мүмкіндік берген.

Батыр образында дауыс беруге келгендер
Батыр образында дауыс беруге келгендер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сондай-ақ желіде елордалық әйел үйінен жуына сала шыққандай, халат, тәпішке, басына сүлгі орап учаскеге келгені түсірілген видео тарады.

Батырлар, қалыңдық, "суперқаһармандар": референдумға ерекше образбен келгендер көпшілікті таңғалдырды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.