Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс беру аяқталды

Жарияланған күні:

Дауыс беру жәшігі
Дауыс беру жәшігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда дауысы беру аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуына байланысты сайлау учаскелері алғаш рет бір уақытта жабылды. Ендігі кезекте Орталық референдум комиссиясы алдын ала қорытындыларды жариялайды.

Айта кетейік, референдумда қазақстандықтар елге атом электр станциясын салу керек пе, жоқ па деген сұрақтың шешімін шығаруы керек еді. Референдумға ұсынылған сұрақ: "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?"

Қазақстандықтар "иә" немесе "жоқ" деген жауапты таңдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170638-qazaqstanda-aes-qurylysy-boiynsha-referendumda-dauys-beru-aiaqtaldy/