Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысы референдум күні дүниеге келген сәби саны бойынша көш бастады

Жарияланған күні:

Нәрестенің қолы
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында 6 қазан – референдум күні 132 сәби дүниеге есігін ашты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өмірге жаңадан келген нәрестелердің 62-сі қыз болса, 70-і – ұл. Арасында бір егіз де бар. Осылайша Түркістан облысы республика бойынша жоғары көрсеткішке ие болды.

Жалпы өңірде биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 30 мыңнан астам сәби дүние есігін ашқан. Олардың 345-і егіз, 7-і үшем.

Еске салайық, кеше, 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум өтті. Референдумға ұсынылған сұрақ: "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" Қазақстандықтар "иә" немесе "жоқ" деген жауапты таңдады.

6 қазанда сағат 20:00-де АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда дауыс беру аяқталды. Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуына байланысты сайлау учаскелері алғаш рет бір уақытта жабылды.

Орталық референдум комиссиясы референдумда дауыс берушілердің келуінің алдын ала қорытындыларын жариялады. Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 7 820 918 қазақстандық немесе халықтың 63,87 пайызы дауыс берген.

ОКҚ брифингінде "Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" қорының сарапшысы АЭС бойынша референдумның exit poll деректерін ұсынды. Қор сарапшысы Әлібек Тәжібаев келтірген мәлімет бойынша, АЭС-ті қолдап дауыс бергенін 69,8 пайыз респондент мәлімдеген. АЭС салуға қарсы екенін айтқан қатысушылардың үлесі 30,2 пайыз болған. Қатысу көрсеткіші 67,3 пайыз деңгейінде тіркелген.

Қоғамдық саясат институтының екінші экзитполының мәліметтері бойынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 72,3 пайызы АЭС салуды қолдап дауыс берген, ал 27,7 пайызы АЭС-ке қарсы болған. Сауалнамаға 44 160 адам қатысқан.

Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнамаларының да нәтижесі жарияланды. Бұл институттың зерттеуі ZAKON.KZ ақпараттық платформасының тапсырысы бойынша жүргізілген. Оған сәйкес, халықтың 69,8 пайызы АЭС салуды қолдаған, 30,2 пайызы қарсы шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2170851-turkistan-oblysy-referendum-kuni-duniege-kelgen-sabi-sany-boiynsha-kosh-bastady/