Қазақстанның қай өңірінде АЭС салуды қолдайтындар көп екені белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанда АЭС құрылысын қолдаушылардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Түркістан облысы тұрғындары (693 766) атом электр стансасын салуды қолдап, ең көп дауыс берді. Одан кейін Алматы (495 291) мен Қарағанды (375 434) облыстары тұр. Үздік бестікке Шымкент қаласы (345 094) мен Қостанай облысы (327 003) кірді.
Атом электр стансасын салуға қарсы ең көп дауыс бергендер де Түркістан облысында тіркелді (178 148 дауыс). Алматы облысы екінші орында – 174 622 адам қарсы болған. Үшінші орындағы Қарағанды облысында қарсы болғандар саны – 161 408 адам. Одан кейін Астана қаласы (150 068 дауыс) мен Жамбыл облысы (138 623) тұр.
Еске сала кетейік, жексенбіде, 6 қазанда Қазақстанда елде атом электр стансасын салу мәселесі бойынша референдум өткен болатын.
Республикалық референдумның алдын ала қортындысы жарияланды. Ресми дерек бойынша, 5 561 937 адам немесе дауыс берушілердің 71,12 пайызы АЭС салуды қолдап дауыс берген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171028-qazaqstannyng-qai-ongirinde-aes-saludy-qoldaityndar-kop-ekeni-belgili-boldy/