jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды

    абақты
    Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қарақшылық шабуыл жасады деген қазақстандық күдікті Ресейден экстрадицияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

    Бас прокуратура қылмыстық топтың құрамында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында күдіктіні Ресей Федерациясынан экстрадициялаған.

    Күдікті 2015 жылы таныстарымен алдын ала сөз байласып, Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы мейрамханалардың біріне қарақшылық шабуыл жасаған.

    "Қылмыс салдарынан мейрамхана иесіне 46 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген. Күдіктінің серіктестері қылмыстық жауапқа тартылды, ал күдікті бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарламада.

    Биыл мамыр айында ол Ресей Федерациясының Ростов облысында ұсталған, содан кейін Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.

    Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

    Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.