Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғардағы кісі өлімі: қаза тапқан жасөспірімнің әкесі жанайқайын жеткізді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің әкесі
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің әкесі. Скриншот: instagram.com/kris_p_talgar

Талғардағы кісі өлімімен аяқталған оқиғадан кейін марқұмның әкесі мәлімдеме жасады. Оның видеосы Instagram-дағы kris_p_talgar паблигінде жарияланды. Оған Алматы облысының Полиция департаменті өкілдері жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеода ер адам өзін марқұмның әкесі деп таныстырады. Онда ол сот ашық әрі әділ өтуін талап етеді.

"Мен қайтыс болған, марқұм балам Болат Шерзаттың әкесімін. Бас прокуратураға, тікелей Берік Ноғайұлына үндеу жасағым келеді. Балам иттік өліммен қаза тапты. Содан бері Талғар әкімі, прокуроры, аудандық ішкі істер бөлімшесі бастығы ешқандай іс-әрекет жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр, баламның аты-жөнін де білмейді. Хәл-жағдайды сұрауға шамасы келмеді, түн жарымында бізді тергеуге шақырып, өзімізге арыз жаздырып отыр.

Ашық сот болуын талап етемін. Әділ шешім болсын! Менің баламмен жасты балалар пышақталмасын, өлмесін деймін!", - деп үндеу жасады видеода ер адам.

Өз кезегінде полиция Талғарда кәмелет жасына толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысқандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазіргі уақытта барлық мән-жайы бойынша тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмысты тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін желіде Талғардағы дүкендердің бірінің маңында атыс дауысы естілгені туралы ақпарат тарады. Полицейлердің хабарлауынша, 4 қазанға қараған түні бір топ жас арасында жанжал болып, ол төбелеске ұласқан. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді, олардың бірі алған алған жарақатынан жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланған болатын.

Кейін тәртіп сақшылары күдіктілердің ұсталған сәті түсірілген кадрларды көрсетті.

Оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім қаза тапқаны, барлығы қаза тапқан баланың отбасы жалдаған дүкендегі жанжалдан басталғаны белгілі болды.

Қайғылы түнде отағасы дүкенде болған. Бір жігіт бір бөтелке сыра алу үшін дүкенге келіп, бірақ ол ақшасын төлегісі келмей, сатушымен ұрыса бастады. 16 жастағы ағасы екеуі туысын жақтап, жігіттің щығуын өтінген. Бірақ ол достарына қоңырау шалып, дүкен алдына үш көлік келіп, төбелес басталған. Төбелес соңы қайғылы оқиғаға ұласқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171112-ministrlik-erekshe-baqylauga-aldy-talgardagy-kisi-olimine-qatysty-zhanga-malimet-shyqty/