Бас прокурор Telegram-дағы бірнеше арнаға тексеріс жүргізілетінін хабарлады
Жарияланған күні:
Читать на русскомБас прокурор Берік Асылов интернетте суицидті насихаттау дерегі бойынша сотқа дейінгі үш тергеу басталғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бас прокурордың X әлеуметтік желісінде жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін прокуратура Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы бойынша сотқа дейінгі үш тергеу бастады.
Telegram-дағы бірнеше арнаның қатысушылары мен администраторлары балаларды суицидке итермелейтін контентке қатысты тексеріледі", - деді Берік Асылов әлеуметтік желідегі хабарламасында.
Еске сала кетейік, қыркүйекте Алматыда бірнеше суицид оқиғасы болды. 12-22 қыркүйек аралығында 10 күннің ішінде төрт баланың өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.
Оқу-ағарту министрлігі қайғылы оқиғаға байланысты ата-аналарға үндеу жариялады. Комитет балалардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, ата-аналардан кіретін сайттар мен балаларының онлайн белсенділігіне ерекше назар аударуды сұрады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171157-bas-prokuror-telegram-dagy-birneshe-arnaga-tekseris-zhurgiziletinin-habarlady/