jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бас прокурор Telegram-дағы бірнеше арнаға тексеріс жүргізілетінін хабарлады

Берік Асылов
Берік Асылов. Фото: t.me/aqorda_resmi

Бас прокурор Берік Асылов интернетте суицидті насихаттау дерегі бойынша сотқа дейінгі үш тергеу басталғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бас прокурордың X әлеуметтік желісінде жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін прокуратура Қылмыстық кодекстің 313-1-бабы бойынша сотқа дейінгі үш тергеу бастады.

Telegram-дағы бірнеше арнаның қатысушылары мен администраторлары балаларды суицидке итермелейтін контентке қатысты тексеріледі", - деді Берік Асылов әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Еске сала кетейік, қыркүйекте Алматыда бірнеше суицид оқиғасы болды. 12-22 қыркүйек аралығында 10 күннің ішінде төрт баланың өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.

Оқу-ағарту министрлігі қайғылы оқиғаға байланысты ата-аналарға үндеу жариялады. Комитет балалардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, ата-аналардан кіретін сайттар мен балаларының онлайн белсенділігіне ерекше назар аударуды сұрады.

Бас прокурор Telegram-дағы бірнеше арнаға тексеріс жүргізілетінін хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.