Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнайы әлеуметтік төлем қазақстандықтарға қауіпті өндірістен кетуге қалай көмектеседі

Жарияланған күні:

Жұмыс формасындағы әйел Кранның фонында тұр
Көрнекі фото: depositphotos.com

2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда зиян еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдар үшін арнайы әлеуметтік төлем (АӘТ) енгізілді. Төлем құқығын пайдаланып, өмірін жақсы жаққа өзгерткен қазақстандықтардың оқиғалары туралы NUR.KZ материалынан оқыңыздар.

Ұзақ жылдар бойы зиян жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру мақсатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында аталмыш көмек түрін ұсынған болатын.

Арнайы әлеуметтік төлем 55 жасқа толған және жеті жыл бойы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген, зиян еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге тағайындалады. Төлем алудың басты шарты – зиян еңбек жағдайлары бар жұмыстарда қызмет етуді тоқтату немесе зиян факторлардың әсері жоқ басқа жұмысқа ауысу. Аталмыш төлем түрі төрт көзден – республикалық бюджеттен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан, жұмыс берушіден және өмірді сақтандыру компаниясынан жүргізіледі. Біз арнайы әлеуметтік жәрдемақы және оны алу шарттары туралы толығырақ жазғанбыз.

Галина Корчинская өзінің мансабын 2000 жылы бастады. Ол суды зиян қоспалардан тазарту үшін реагенттер дайындаумен айналысқан болатын. Оның айтуынша, кәсіпорындағы еңбек жағдайлары өте ауыр болды, бұл оның денсаулығына айтарлықтай әсер еткен.

Галина Корчинская арнайы әлеуметтік төлем алуға өтініш беру мүмкіндігі туралы білгенде, бірден жұмыстан кету жөнінде шешім қабылдаған жоқ. Азаматшаға зиян еңбек жағдайларына қатысы жоқ балама ұсыныстар түскенін, бірақ ол лайықты демалыс құқығын пайдалану туралы шешім қабылдағанын айтады. Ол арнайы төлемді рәсімдеуге қажет құжаттарды тапсырып, бір айдан соң оның шотына бірінші төлем түсті.

"Мемлекет бізге осындай мүмкіндік бергені үшін өте ризамын. Қиыншылықтарға қарамастан 24 жыл ішінде мен өз жұмысымды, қызметімді, шын жақсы көрдім. Әрине әріптестеріммен қоштасу қиын болды. Дегенмен қазір өзімнің отбасыма, немерелеріме уақытымның көп бөлігін арнай аламын. Сондықтан өз шешіміме еш өкінбеймін. Осындай қиын жағдайда жұмыс істейтін адамдарға қамқорлық білдіргені үшін президентімізге алғыс айтқым келеді", - деді Галина Корчинская.

Самат Ахметжанов 25 жыл бойы марганец және силицидтер шығаратын зауытта жұмыс істеген. Арнайы әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігі туралы әріптестерінен біліп, өтініш білдірген болатын. Самат Ахметжанов денсаулығын жақсартып, отбасына көбірек уақыт бөлу үшін зейнеткерлікке шығуды ұйғарған екен.

"Мемлекет өз азаматтарын қолдайтынына өте қуаныштымын. Демалысқа шығып белсенді зейнеткер болып отырмын. Сондықтан да бұл шешімге титтей де өкінбеймін", - дейді ол.

Барлық қызметкер арнайы әлеуметтік төлемге құқылы болғанмен, қызметкерлердің көбі демалысқа шығуды жөн көре бермейді. Мәселен, 30 жылдан астам дәнекерлеуші ​​болып жұмыс істеген Зарқан Шахантаев кәсіпорындағы жеңілдеу жұмысқа ауысуды ұйғарыпты. Оның айтуынша, ол жұмыстан кеткісі келмеген, бірақ жәрдемақы бағдарламасының арқасында қолайлы жағдайда жұмысын жалғастыра алғанын айтады. Зарқан Шахантаев жәрдемақы алу процесі жылдам әрі еш қиындықсыз өткенін айтады. Алынған қаражат оның отбасының материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді, ал өзі зиян өндірістік факторларды болдырмай, жұмысын жалғастырып отыр.

Арнайы төлемнің орташа мөлшері шамамен 208 мың теңгедей болады. Қызметкерлер жалақыны да, арнайы төлемді де алуды жалғастыра отырып, денсаулыққа зияны аз жұмысқа ауыса алады, немесе олар зейнетақы тағайындалғанша төлем ала отырып, демалысқа шыға алады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, бүгінгі таңда зиян еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген 10 мыңнан астам азаматқа арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды. Аталмыш төлемді алушылардың ең көбі Қарағанды, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Арнайы әлеуметтік төлем қазақстандықтарға қаржылық тұрақтылықты жоғалтпай өмір сүру сапасын жақсартуға, денсаулықтарын дұрыстауға және жақындарымен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171415-arnaiy-aleumettik-tolem-qazaqstandyqtarga-qauipti-ondiristen-ketuge-qalai-komektesedi/