Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеті адам күдікті ретінде ұсталды": прокуратура Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облыстық прокуратура өкілдері Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты мәлімдеме жасап, 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен жеті күдікті қамалғанын мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қадағалау органына сілтеме жасап хабарлайды.

Қадағалау органы мәліметінше, биыл 4 қазанда Талғар қаласында төбелес болып, қаланың 16 жастағы тұрғыны пышақталып, жан сақтау бөлімінде көз жұмды, тағы екі азамат ауыр дене жарақатын алды.

"Біз қоғамдық толқуларды түсінеміз және отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз.

Прокуратура органдары кісі өлтіру туралы бұл істі ерекше бақылауға алғанын ресми түрде хабарлаймыз.

Бұл қылмысты жасады деген күдік бойынша сот 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беріп, жеті күдікті адам ұсталды.

Біз барлық жағдайды анықтауға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға бағытталған объективті тергеуге кепілдік береміз.Тергеуге көмектесетін кез-келген ақпаратпен прокуратура немесе ішкі істер органдарына жүгінуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

Облыстық прокуратура өкілдері "осы қылмысқа қатысы бар адамдар жауапкершіліктен қашпайды, заң алдында жауап береді" деп сендірді.

Бұған дейін желіде Талғардағы дүкендердің бірінің маңында атыс дауысы естілгені туралы ақпарат тарады. Полицейлердің хабарлауынша, 4 қазанға қараған түні бір топ жас арасында жанжал болып, ол төбелеске ұласқан. Жанжал салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді, олардың бірі алған алған жарақатынан жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланған болатын.

Кейін тәртіп сақшылары күдіктілердің ұсталған сәті түсірілген кадрларды көрсетті.

Оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім қаза тапқаны, төбелес қаза тапқан баланың отбасы жалдаған дүкендегі жанжалдан басталғаны белгілі болды.

Кейін қаза тапқан жасөспірімнің әкесі жанайқайын жеткізді. Видеода марқұм Шерзат Болаттың әкесі сот ашық әрі әділ өтуін талап еткен болатын

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171431-zheti-adam-kudikti-retinde-ustaldy-prokuratura-talgardagy-zhasospirimning-olimine-qatysty-malimdeme-zhasady/