Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде демеушілік қаражат есебінен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылып жатыр

Жарияланған күні:

Азамат Бекет
Азамат Бекет. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Ақтөбеде демеушілік қаражат есебінен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда.

Қоғамдық орындарды абаттандыру
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Мысалы М.Мәметова көшесіндегі (№14 үйдің жанында) қоғамдық кеңістікте "Анвар" сауда желісі абаттандыру жұмыстарын аяқтап жатыр.

Қоғамдық орындарды абаттандыру
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Ақтөбе қаласының 155 жылдығын мерекелеу аясында бес кәсіпкер ұйым аллеялар мен скверлерді абаттандырып жатыр. Урбанистика орталығы онға жуық эскиз әзірледі. Олар бойынша саябақ шамдары, орындықтар мен урналар орнатылып, шағын сәулет нысандарын қою және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қоғамдық орындарды абаттандыру
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Қоғамдық орындарды абаттандыру
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

"Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз, мұндай қоғамдық кеңістіктер пайдасыз күйде бос жатпауы тиіс, олар біздің тұрғындарымыз үшін жайлы демалыс және қауіпсіз орта функцияларын орындауға тиіс", - деді қала әкімі Азамат Бекет.

Қоғамдық орындарды абаттандыру
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Қоғамдық орындарды абаттандыру
Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Айта кету керек, ақтөбелік кәсіпкерлердің бастамасы бойынша демеушілік қаражатқа қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары Абай аллеясында (“Нұрдәулет" сауда орталығы мен "Көктас" фитнес-орталығы арасында), Әбілқайыр хан даңғылындағы (Сазда шағын ауданы) қоғамдық кеңістікте, Әбілқайыр хан даңғылында (бұрынғы "Томирис" мейрамханасының жанында) жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171635-aqtobede-demeushilik-qarazhat-esebinen-qogamdyq-kengistikter-abattandyrylyp-zhatyr/