jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өрт сөндірілді

Өрт сөндіру сәті
Өрт сөндіру сәті. Фото: t.me/qr_tjm

Қазақстан ТЖМ бөлімшелері Павлодар облысының аумағындағы дала өртін сөндірді. Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының  эвакуацияланған 18 тұрғыны үйлеріне оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында пайда болған ақпаратқа сәйкес, Қарағанды облысының аумағындағы өрт оқшауланды, өрттің ауданы анықталуда.

Қатты екпінді жел, рельефті таулы және батпақты жерлер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты.

Қазіргі уақытта Қарағанды  облысының аумағындағы өрт ошақтары сөндіру жұмыстары жерүсті және әуе көлігімен жүргізу жұмыстары жалғастырылуда.

"Қарағанды облысының Айыр және Атантай елді мекендері ауданындағы өртті сөндіруге 2 жауынгерлік учаске анықталды.

ТЖМ Командалық орталығы мен облыстардың ТЖД жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеуде.  Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстарына 557 адам мен 88 бірлік техника, 6 ұшқышсыз ұшу аппараты, ТЖМ және ІІМ ҰҰ 4 әуе кемесі жұмылдырылуда.

Өртті сөндіруге Қарағанды, Ақмола, Абай облыстарының, Астана қаласының құтқару топтары,  ТЖМ 52859, 68303 әскери бөлімдерінің және жергілікті атқарушы органдар қатысуда. Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 87 рет 102-ден астам тонна көлемінде су төкті. Сонымен қатар аэровизуалды барлау жүргізілді. Ұшу нәтижелері бойынша жағдай тұрақты", - делінген хабарламада.

Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы табиғи өрт сөндірілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.