Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте арық cуы қызыл түске боялды

Жарияланған күні:

Қызыл түске боялған арық
Қызыл түске боялған арық. Фото: otyrar.kz

Шымкентте Еңбекші ауданындағы арық суы қызыл түске боялды. Экологтар сұйықтықты тексергенімен, қауіпті зат таппады, деп хабарлайды Otyrar.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Шымкент қаласының экология департаментіне WhatsApp желісі арқылы Еңбекші ауданы, Қапал батыр көшесінің бойындағы арна белгісіз қызыл түсті затпен ластанғандығы туралы ақпарат келіп түскен. Тексеру барысында белгісіз қызыл түсті затты ағын әкелгені анықталды.

Департаменттің сынақ зертханасының мамандары су сынамаларын алды, бірақ талдау нәтижесі бойынша ластаушы заттардың нормасынан асып кеткені анықталған жоқ.

Сонымен қатар арнадағы суды ластаған тұлғаларды анықтау мақсатында Еңбекші аудандық полиция бөліміне хат жолданды.

Айта кетейік, осыған ұқсас оқиға биыл көктемде Шымкентте болған еді. Ол кезде Қошқар ата өзені қызыл түске боялған. Өзеннің бір бөлігі күрең түске боялғаны түсірілген видеода автор сойылған мал қанын суға ағызған деп болжады. Экологтар судан сынамалар алды, бірақ олар жеткенше өзенде қан көрінбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171850-shymkentte-aryq-cuy-qyzyl-tuske-boialdy/