Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте өзен қызыл түске боялды (видео)

Опубликовано:

Қошқар ата өзені
Қошқар ата өзені. Видеодан кадр: youtube.com/@tvotyrar

Шымкент тұрғындары қып-қызыл түске боялған Қошқар ата өзенін видеоға түсіріп алған. Тұрғындардың айтуынша, өзен жағасына сойылған мал қаны төгілген, деп хабарлайды Otyrar телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, видео 31 наурызда түсірілген.

Өзеннің бір бөлігі күрең түске боялғаны түсірілген видеода автор сойылған мал қанын суға ағызған деп болжады.

Экологтар судан сынамалар алды, бірақ олар жеткенше өзенде қан көрінбеген. Сараптама қорытындысы бес жұмыс күні ішінде дайын болады, дейді мамандар.

Мамандардың айтуынша, егер қан суға араласса, бұл су жолының экожүйесіне әсер етуі мүмкін.

"Судан сынама алдық, ағыстың төменгі және жоғарғы жағынан. Сараптамалар 5 күн ішінде дайын болады. Оның өзіндік экожүйесі бар, балықтар бар, өзенге басқа заттарды төгу су асты фаунасына әсер етуі мүмкін", – дейді Шымкент қаласы экология департаментінің басшысы Дүйсен Құлтілеуов.

Қолайлы қалалық ортаны дамыту департаменті видеоға қатысты пікір білдіріп, өзенге кез келген затты лақтыруға тыйым салынғанын ескертті. Ведомство өкілдері полицияға арыз жазуды жоспарлап отыр.

"Бұған қатысы бар адамдар табылып, жауапқа тартылуы үшін полицияға арыз жазамыз, бұл қаланың негізгі су жолы, бұл жерге ештеңе тастауға болмайды.

Тәртіп бұзушы Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Жергілікті тұрғындарға айтарым: олар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау керек", – дейді Шымкент қаласының жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасы басшысы Әбілқайыр Оңғар.

Оның сөзінше, өзенге қан немесе басқа қызыл сұйықтық төгілген болса, тәртіп бұзушылар айыппұл төлейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2077181-symkentte-ozen-qyzyl-tuske-boyaldy-video/

pixel