Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құтқарушылар түні бойы Ақмола облысындағы дала өртін сөндірді

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

8 қазанда Ақмола облысындағы Зеренді ауданында құрғақ шөп пен орман төсемі өртенді. Құтқарушылар бүгін таңғы сағат 06:35-те өртті толығымен сөндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, кеше сағат 20:32-де Зеренді ауданында жалпы ауданы 7 га құрғақ шөп пен орман төсемі өртеніп жатқаны анықталған.

Өрт ошақтарына дереу құтқарушылар топтары тартылған. Өрт сөндіруге ТЖД, ЖАО, "Куйбышевский лесхоз" КММ және "Алтын тау" АҚ МЕӨҚҚ жеке құрамның 76 адамы және 20 техникасы жұмылдырылды.

"Өртті сөндіруге жел екпіні қиындық келтірді. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері мен қабылданған шаралардың арқасында өрт бүгін таңғы сағат 06:35-те толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Еске салсақ, 6 қазанда Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік.

Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

7 қазанда, сағат 18:30-да ТЖМ өкілдері екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жеткенін хабарлады.

8 қазанда ірі өрт шыққан Қарқаралы ауданының әкімі өңірдегі ахуал туралы баяндады.

Бүгін ТЖМ бөлімшелері Павлодар облысының аумағындағы дала өртін сөндірді. Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының эвакуацияланған 18 тұрғыны үйлеріне оралды.

KAZ.NUR.KZ тілшісі Баянауылдағы Желтау қыстағының шаруаларымен тілдесіп, өрттен қалай аман қалғанын біліп қайтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171914-qutqarushylar-tuni-boiy-aqmola-oblysyndagy-dala-ortin-sondirdi/