Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы ірі өрт: әкімдік өкілдері қазіргі ахуалды баяндады (фото)

Жарияланған күні:

Қарқаралы ауданында өрт сөндіру жұмыстары
Қарқаралы ауданында өрт сөндіру жұмыстары. Фото: gov.kz

Қарағанды ​​облысының Қарқаралы ауданында өрт жағдайы тұрақталды. Жаңа өрт ошақтары тіркелген жоқ, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, Қарқаралы ауданында жағдай тұрақты. Өрт болған жерді қарауылдау жүріп жатыр. Ведомство өкілдері өрт аумағы нақтыланып жатқанын айтты.

"Өртті жоюға ТЖД, ПД, ТЖМ ӘБ күштері мен құралдары, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Кувск шаруашылықтары, ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылықтары, Қарағанды мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – жалпы 306 адам және 37 техника жұмылдырылды.

Отпен күресу кезінде 62 рет жалпы көлемі 112 текше метр болатын су шашылды", - делінген хабарламада.

Қарқаралы ауданында өрт сөндіру жұмыстары
Қарқаралы ауданында өрт сөндіру жұмыстары. Фото: gov.kz

Жағдайды құтқарушылар бақылауға алған.

Қарқаралы ауданында өрт сөндіру жұмыстары
Қарқаралы ауданында өрт сөндіру жұмыстары. Фото: gov.kz

Еске салсақ, 6 қазанда Қазақстанның екі өңірінде ірі өрт болып жатқанын хабарлаған едік.

Кейінірек Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза тапқаны белгілі болды.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері дала өртін сөндіру кезінде күйік шалған 4 өрт сөндірушінің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады.

7 қазанда, сағат 18:30-да ТЖМ өкілдері екі облыста өрт шалған аумақ 45 мың гектарға жеткенін хабарлады.

8 қазанда ірі өрт шыққан Қарқаралы ауданының әкімі өңірдегі ахуал туралы баяндады.

Бүгін ТЖМ бөлімшелері Павлодар облысының аумағындағы дала өртін сөндірді. Жағдайдың тұрақталуына байланысты Баянауыл ауданы Желтау ауылының эвакуацияланған 18 тұрғыны үйлеріне оралды.

KAZ.NUR.KZ тілшісі Баянауылдағы Желтау қыстағының шаруаларымен тілдесіп, өрттен қалай аман қалғанын біліп қайтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2171976-qaragandy-oblysyndagy-iri-ort-akimdik-okilderi-qazirgi-ahualdy-baiandady-foto/