Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор: Қаржы министрлігі лауазымды тұлғаларының қылмыстық схемасы әшкере болды

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі фото: depositphotos.com

Антикор Қаржы министрлігі лауазымды тұлғаларының қылмыстық схемасынның жолын кесті. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде бизнесті мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство хабарына қарағанда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті салық тексерулеріне оң рұқсат бергені үшін Қаржы министрлігінің лауазымды адамдарының кәсіпкерлік субъектілерінен ақша қаражатын заңсыз алу жөніндегі қылмыстық схемасының жолын кескен.

"Арнайы операция барысында Алматы және Астана қалаларында ауыр жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Қаржы министрлігі басқармаларының басшылары әшкереленді.

Олар кәсіпорынға толық сомаға азайтылуы тиіс 570 млн теңге мөлшерінде салықты негізсіз қосымша есептеу туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізе отырып, делдал арқылы осы фирманың өкіліне жүгініп, одан ақшалай сыйақы талап етті деп күдіктенеді", - делінген хабарда.

Алдағы уақытта аталған мәселені шешу сылтауымен 68 млн теңге сомасында ақшалай қаражат алу үстінде Қаржы министрлігінің лауазымды адамдары мен делдал әшкереленген. Сот санкциясымен күдіктілер электронды бақылау құралдарын қолдана отырып, үй қамауына алынды.

Ведомствоның басқа лауазымды адамдарының қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172148-antikor-qarzhy-ministrligi-lauazymdy-tulgalarynyng-qylmystyq-shemasy-ashkere-boldy/