Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әкімі LRT қашан аяқталатынын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Астанадағы LRT бағандары
Астанадағы LRT бағандары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Нұра ауданының тұрғындарымен кездесуінде LRT құрылысы қалай жүріп жатқанын және қашан аяқталатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кездесуде қаладағы өзекті мәселелер қозғалды. Мәселен, LRT құрылысы. Әкімге тұрғындар жақында LRT құрылысындағы екі монолит арқалықтың ағашпен бекітілгені түсірілген фото тарағанын еске салды. Астана тұрғындарында нысанның қауіпсіздігін кім қамтамасыз етеді деген заңды сұрақ туындады.

"Барлық станция өте жоғары қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Барлығы 18 станция. Өте маңызды инженерлік компаниялар жобалады, сондықтан қауіпсіздік стандарттары да қамтамасыз етіледі. Биыл үш станцияны аяқтауды және жыл соңына дейін эстакада бөлігінің 95 пайызын аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Жеңіс Қасымбек.

Елорда әкімінің сөзінше, LRT-ның үстіңгі құрылысына байланысты жұмыстар келесі жылға жоспарланған.

"Бұл – рельстер, сигнализация, басқа да қауіпсіздік, қалған 15 станцияның құрылысы. Биыл және алдағы жыл – нысан құрылысының соңғы жылдары", - деді Астана әкімі тұрғындармен кездесуінде7

Айт кетейік, Антикор ресми өкілі Astana LRT экс-басшысы сотқа келмегенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172273-astana-akimi-lrt-qashan-aiaqtalatynyn-aitty/