jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Сот Денис Тенді өлтіргені үшін сотталғандардың кассациялық шағымын қараудан бас тартты

Денис Тен
Денис Тен: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Жоғарғы сот алқасы Денис Тенді өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовтың шағымы бойынша шешім шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін Жоғарғы сот Денис Тенді өлтіргені үшін сотталғандардың ісін кассациялық қарауға беруден бас тартты.

Жоғарғы сот істі кассациялық алқаның қарауына қабылдау үшін соттың немесе тергеудің жұмысында заңбұзушылықтар немесе өзге де негіздерді анықтаған жоқ.

Үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Еске сала кетсек, 2018 жылы 19 маусымда танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапты. Артынша, спортшының өліміне күдіктілер ұсталды.

Олардың бірі Жамбыл облысының тұрғыны Нұралы Қиясов болса, екіншісі Қызылорда облысының азаматы Арман Құдайбергенов болып шықты. Олар 19 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен бірге қылмысты жасырды деп айыпталған Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жуырда Денис Тенді өлтірді деп сотталған Арман Құдайбергенов Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіргенін хабарлаған едік.

Сот Денис Тенді өлтіргені үшін сотталғандардың кассациялық шағымын қараудан бас тартты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.