Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұрып-соғып, ақша бопсалаған: желіде оқушы қыздардың видеосы тарады

Жарияланған күні:

Жылап тұрған қыз. Көрнекі сурет
Жылап тұрған қыз. Көрнекі сурет: deepart386 / Getty Images

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында түсірілген жасөспірімдердің видеосы тарады. Видеодан оқушы қыздар құрдасын тізерлеп кешірім сұратып, қоқан-лоқы көрсетіп, ақша бопсалағанын көруге болады. Болған жайтқа қатысты ШҚО ПД түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Egov.press telegram-арнасы жариялаған. Онда жағдай Зайсан қаласында болғаны жазылған.

"Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында жасөспірімдер құрбыcын тізерлетіп қойып, ұрып-соғып, ақша талап еткен", - деп жазылған видеодағы жазбада.

Облыстық ПД баспасөз қызметі бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдіктілер анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"Сонымен қатар барлық құқық бұзушы мектепішілік есепке қойылып, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ күдіктілердің ата-анасын немесе заңды өкілдерін міндетін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде.

Бұған дейін желіде Алматы облысында жасөспірімдер 15 жастағы оқушы қыздан ақша бопсалағаны туралы жазған едік. ПД-ның сол кездегі бастығы Бауыржан Әленов Қарасай ауданының полиция қызметкерлері 15 жасар оқушыдан ақша бопсалауға қатысы бар кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарын анықтап, жауапкершілікке тартқанын мәлімдеген.

Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172547-uryp-sogyp-aqsha-bopsalagan-zhelide-oqushy-qyzdardyng-videosy-tarady/