Көлсай көлдері аумағында жүрген қар барысы камераға түсіп қалды (видео)
Жарияланған күні:
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау комитеті әлеуметтік желіде Қазақстандағы ұлттық табиғи саябағында камераға түсіп қалған қар барысының видеосын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, қар барысы бұл жолы Алматы облысында фототұзаққа түскен.
Жыртқыштар "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде байқалды.
"Қар барысы — ең сирек кездесетін ірі жыртқыштардың бірі. Бұл жануардың "қар барысы" деп аталуы бекер емес: ол таулы аймақтарда, жыл бойы қар басып жататын биік таулы аймақта өмір сүретін мысықтар тұқымдасының жалғыз өкілі", - делінген жазбада.
Қазақстанда қар барысы 1978 жылы Қызыл кітапқа енгізілген.
Айта кетейік, қазан айының басында "Көлсай көлдері" ұлттық саябағында қар барысының ұрғашысы және оның бір жасар аланы фототұзаққа түсіп қалған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2172568-kolsai-kolderi-aumagynda-zhurgen-qar-barysy-kameraga-tusip-qaldy-video/